Accessibility links

Белсенділер сот жүйесін реформалауды ұсынды


Құқық қорғаушылар мен белсенділердің Қазақстан сот жүйесін реформалауға қатысты өткізген жиыны. Алматы, 2 маусым 2015 жыл.
Құқық қорғаушылар мен белсенділердің Қазақстан сот жүйесін реформалауға қатысты өткізген жиыны. Алматы, 2 маусым 2015 жыл.

Бүгін Алматыда бір топ белсенді мен құқық қорғаушы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған "Ұлт жоспары - бес реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадам" бағдарламасына балама ретінде өздерінің сот жүйесін реформалау жөніндегі қадамдарын ұсынды.

Жиынды "Жас кәсіпқойлар қоғамы", "Азаматтық қорғаныс" ұйымдары мен Әділет партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ өкілдері Рупина Галинзянова, Ильшат Кензин, Олеся Халабузарь, Андрей Ушаков және басқа да белсенділер ұйымдасырған.

Белсенділер заңдарға сыни ақпараттар жариялаған ақпарат құралдарына қысым жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту, судьялардың өзінен жоғары инстанциядағы шешім қабылдайтын құзырлы орындармен келісіп алуына және сот шешімі шыққанға дейін қысым жасауға тыйым салу, коррупциялық істер бойынша шыққан даулы сот актілерін қайтар қарау, полиция немесе прокуратура өкілдерінің әрекетсіздігі және заңсыз әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілігін күшейтуге қатысты өзгерістер енгізуге шақырады.

Белсенділер бұған қоса бес реформаны жүзеге асыру жөніндегі ұлттық комиссия құрамына белсенді құқық қорғаушыларды кіргізуді сұрайды.​

Нұрсұлтан Назарбаев президент сайлауынан кейін «Ұлт жоспары – бес реформаны жүзеге асыруға арналған 100 нақты қадам» бағдарламасын ұсынған. Бағдарламаның мақсаты ретінде «институционалдық реформаларды іске асыру, қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғырту» жайлары аталған. Бірақ кейбір сарапшылар бағдарламада саяси реформалар тыс қалғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG