Accessibility links

Роухани: Иран Асадты соңына дейін қолдайды


Иран президенті Хассан Роухани (оң жақта) Сирия парламенті спикері Мохаммад әл-Лахаммен кездесіп тұр. Тегеран, 2 маусым 2015 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани (оң жақта) Сирия парламенті спикері Мохаммад әл-Лахаммен кездесіп тұр. Тегеран, 2 маусым 2015 жыл.

Иран президенті Хассан Роухани өз елі Сирия президенті Башар Асадқа соңына дейін қолдау көрсететінін мәлімдеді. Иран ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, Роухани бұл туралы 2 маусымда Сирия парламентінің спикері Мохаммад әл-Лахамның Тегеранға сапары кезінде айтқан.

Сирияда ірі қарулы оппозициялық топтар соңғы апталарда күш жинап, кейбір аудандарды бақылауға ала бастаған. Өткен айда "Ислам мемлекеті тобының содырлары Сирияның орталық бөлігіндегі тарихи Пальмира қаласын бақылауға алған.

Шииттік Иран билігі Башар Асад пен оның әкесі Хафиз Асадты бұл елде қақтығыс басталған 2011 жылға дейін де қолдап келген.

Сарапшылар Сириядағы соғыста сүннит жиһадшыл топтарының салмағы басым түсе бастағанда Асад билігі мен Иран Сирия оппозициясын аймақтағы сүнниттік елдер қолдайтын террористер деп атай бастағанын айтқан.

"Өкінішке орай, аймақтағы кейбір елдер жаңылысып қалды және олар террористік топтарды өз мақсатымызға пайдалана аламыз деп ойлайды. Бірақ ерте ме, кеш пе, бәрібір терроризм олардың өздеріне үстемдік орнатады" деген Роухани.

XS
SM
MD
LG