Accessibility links

Зепп Блаттер отставкаға кетті


Зепп Блаттер ФИФА президенттігінен отставкаға кететінін мәлімдеп тұр. Цюрих, Швейцария, 2 маусым 2015 жыл.

Зепп Блаттер ФИФА президенттігінен отставкаға кететінін мәлімдеп тұр. Цюрих, Швейцария, 2 маусым 2015 жыл.

ФИФА-ны 17 жыл басқарған президент Зепп Блаттер федерациядағы коррупциялық жанжалдан соң отставкаға кетті. Цюрихте өткен баспасөз конференциясында Блаттер жақын уақытта ұйымның жаңа басшысын сайлайтын арнайы конгресс өтетінін хабарлады. Зепп Блаттер мамырдың соңында бесінші рет төрт жыл мерзімге ФИАФ президенті болып қайта сайланған еді.

79 жастағы швейцариялық Блаттер ФИФА-дағы дауыс беру қорытындысын "әлемдік футболдағылардың барлығы бірдей қолдамағанын" айтып, ұйымды "түбегейлі қайта құру қажетін мәлімдеді.

27 мамырда Швейцария полициясы АҚШ коррупцияға қатысты айып таққан ФИФА-ның жеті шенеунігін тұтқындаған. Швейцария билігі 2018 және 2022 жылдардағы әлем чемпионаттарын Ресей мен Катарда өткізуге қалай шешім қабылданғанын өзі тексере бастады.

XS
SM
MD
LG