Accessibility links

Еуропарламент Ресей елшісіне шектеу қойды


Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульц.
Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульц.

Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульц Ресей елшісі Владимир Чизов пен тағы бір дипломатының еуропарламент ғимаратына кіруіне шектеу қойды.

Кеше Мәскеу еуропалық 89 саясаткердің Ресейге кіруіне тыйым салынғанын хабарлаған. Олардың арасында Еуропа парламентінің қазіргі және бұрынғы депутаттары бар. Шульцтің сөзінше, Чизовке енді Ресей мемлекеттік думасы депутаттарының Еуропа парламенті территориясына кіру туралы өтініштері жеке-жеке қаралатыны ескертілген.

Еуропа парламенті бұған қоса Ресей мен Еуропа Одағының ынтымақтастығы жөніндегі парламент комитеті жұмысына қатыспауға шешім қабылдаған.

XS
SM
MD
LG