Accessibility links

Бостонда "күдікті террористің" көзі жойылды


Бостон полициясы террористік іс-әрекетке қатысы бар деген күдікпен бақылауда жүрген 26 жастағы ер адам Усама Рахимның көзін жойды.

Полицияның мәлімдеуінше, Усама Рахим Бостонның Рослингдэйл ауданында өзіне жақындап барған полицей мен Федералдық тергеу бюросының агентіне "пышақ ала жүгірген". Құқық қорғау органдары Усама Рахимді терроризмге қатысы бар деген күдікпен "биліктің іздеуінде жүрген" адам ретінде сипаттайды.

Ал Сан-Францискода тұратын діни жетекші Иман Ибрагим Рахим Facebook-тегі парақшасында ағасының "аялдамада автобус күтіп тұрғанда арқасынан атып өлтірілгенін" жазды. Ибрагим Рахим ағасы өзін ататын кезде телефонда әкесімен сөйлесіп тұрған дейді.

Оқиғаға байланысты билік орындары полиция әрекетінің дұрыстығын тексермек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG