Accessibility links

Бішкек: Джемилевтің кеңесшісі түсінбестіктен ұсталды


Украина Жоғарғы Радасының депутаты, Қырым татарларының жетекшісі Мұстафа Джемилев.
Украина Жоғарғы Радасының депутаты, Қырым татарларының жетекшісі Мұстафа Джемилев.

Қырғызстан ішкі істер министрлігі Украина Жоғарғы Радасының депутаты Мұстафа Джемилевтің кеңесшісі Рүстем Умеровтің кеше Бішкек әуежайында ұсталуын "түсінбестіктен болды" деп мәлімдеді.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, министрлік мәлімдемесінде кеше Бішкекке барған Рүстем Умеровтің жеке бас мәліметтері "милиция іздеуінде жүрген адамның мәліметтерімен ұқсас болғаны" айтылады. "Милиция Рүстем Умеровті қателесіп ұстаған, оны кешірім сұрап босатты" делінген мәлімдемеде. Министрлік бұған қоса Қырым татарларының жетекшісі Мұстафа Джемилевтің ұсталғаны туралы ақпаратты да терістеді.

Мұстафа Джемилев кеше таңертең Бішкекке Орталық Азиядағы миграция мәселелері бойынша өтетін конференцияға қатысу үшін барған. Бірақ әуежайға барғанда шекарашылар Джемилев пен Рүстем Умеровтің құжаттарын алып қойған. Кейін Рүстем Умеров ұсталып, бірнеше сағат полиция пунктінде отырған. Украинаның Қырғызстандағы елшілігі қызметкерлері араласып, барлық жайт анықталған соң Джемилев пен Умеров әуежайдан шығарылған.

XS
SM
MD
LG