Accessibility links

Қытай: Кемедегі 430 адамды іздестіріп жатыр


Янцзы өзеніндегі "Шығыс жұлдызы" кемесі суға батқан маңдағы құтқарушылар. Қытай, 2 маусым 2015 жыл.
Янцзы өзеніндегі "Шығыс жұлдызы" кемесі суға батқан маңдағы құтқарушылар. Қытай, 2 маусым 2015 жыл.

Қытайлық ақпарат құралдары маусымның 3-іне қараған түні құтқарушылар Янцзы өзеніне батқан "Шығыс жұлдызы" жолаушылар кемесіндегі із-түзсіз жоғалдыға саналған 430 адамды іздестіруді жалғастырғанын хабарлады.

Құтқару жұмыстарына 4 мың 600-ден астам адам, оның ішінде жүздеген сүңгуір қатысып жатыр.

Өзенде жүруге арналған жолаушылар кемесі 1 мусым күні кешке Нанкиннен Чунцинге бара жатқан жолда циклонға тап болып, суға батқан. Кемеде 456 адам болған. Олардың көпшілігі егде тартқан туристер. Кеме суға батқан 36 сағаттан бері 14 адам құтқарылып, 13 адамның денесі судан шығарылды.

Оқиға орнына барған Қытай премьер-министрі Ли Кэцян кемедегілерді құтқарудың барлық шараларын жасауға шақырды.

Xinhua агенттігінің хабарлауынша, құтқарылған кеме капитаны кеменің суға жылдам батқаны соншалық, "дабыл белгісін беруге уақыт болмағанын" айтқан.

Қытайлық ақпарат құралдары "Шығыс жұлдызы" кемесінің суға батуын Қытайда соңғы 70 жылда болған ең ірі кеме апаты деп атады.

XS
SM
MD
LG