Accessibility links

Ресей Еуропа парламенті шешімін сынады


Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.
Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.

Ресей сыртқы істер министрлігі Еуропа парламентінің Ресейдің Еуропа Одағындағы (ЕО) елшісі Владимир Чизов пен тағы бір ресейлік дипломаттың парламент аумағына кіруін шектегенін қабылдамай тастады.

Еуропа парламентінің президенті Мартин Шульц ресейлік дипломаттарға қатысты шешімді маусымның 2-сінде Ресей ЕО-ның 89 саясаткерінің елге кіруіне тыйым салғаннан кейін қабылдаған.

"Меніңше, еуропарламентке шектеулі, я шектеусіз түрде бармай-ақ қоюға да болады. Себебі онда атқаратын жұмыс жоқ. Парламенттің не істейтінін алдын-ала болжап-ақ білуге болады" деді Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков.

Оның сөзінше, "еуропарламенттің кез-келген шешімі мен айтатыны күні бұрын белгіленіп қойылады".

Рябков еуропарламенттің "Ресейге қатысты байыпты шешім қабылдамайтынына" өкініш білдіріп, мұндай саясаттың "әр ай сайын күшейіп келе жатқанын" айтты.

XS
SM
MD
LG