Accessibility links

«Пышақпен қорғанған» оқушыға үкім шықты


Қазақстандағы мектептердің бірінің дәлізінде кетіп бара жатқан оқушы. (Көрнекі сурет)
Қазақстандағы мектептердің бірінің дәлізінде кетіп бара жатқан оқушы. (Көрнекі сурет)

Алакөл ауданында «ақша бопсалаудан пышақпен қорғанбақ болған» мектеп оқушы Ақжол Тұрсыновқа қатысты сот үкімі шыққанын айыпталушының әкесі Руслан Қыдырбеков Азаттыққа хабарлады.

"Судья баламды бір жылға шартты жазаға кесті. Ол тағы екі жыл үйдің қамқорында болады" деді Руслан Қыдырбеков.

Бұл ақпаратты Ақжол Тұрсыновтың адвокаты да растады.

Алматы облысы Алакөл ауданы Қызылащы ауылында 15 жастағы Ақжол Тұрсыновтың ісі 2 маусымда қарала бастаған. Оған қылмыстық кодекстің 106-бабы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру – ред.) бойынша айып тағылған. Жасөспірімнің әкесі Руслан Қыдырбековтің сөзінше, 9-сыныпта оқитын ұлы 2015 жылдың ақпан айында 11-сыныпта оқитын оқушыға пышақ салып алған. Ол ұлының мұндай әрекетке баруына жоғары сынып оқушыларының былтырғы қыркүйек айынан бастап төменгі сынып оқушыларынан ақша бопсалауы себеп болғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG