Accessibility links

Латвияның жаңа президенті сайланды


Латвияның жаңа сайланған президенті Раймондс Вейонис.

Латвияның жаңа сайланған президенті Раймондс Вейонис.

Латвияның жаңа президенті болып елдің қорғаныс министрі Раймондс Вейонис сайланды. Латвияда президентті парламент сайлайды.

Жасылдар мен фермерлер одағы ұсынған Вейонис 100 депутаттың 55-інің даусын алды. "Мен Латвияның қауіпсіздігін нығайтып, жалпы елді көркейту үшін қолдан келгеннің барлығын жасаймын" деп мәлімдеді Вейонис сайлау нәтижесі жарияланғаннан кейін.

Мамандығы бойынша инженер 45 жастағы Раймондс Вейонис 10 жыл қоршаған ортаны қорғау министрі болған. Латвия мен оған көрші Литва және Эстония Ресей Украинадан Қырым түбегін заңсыз аннексиялап алғаннан бері қорғаныс саласына көп көңіл бөліп келеді.

XS
SM
MD
LG