Accessibility links

АҚШ: ФИФА экс-шенеунігі пара алғанын мойындаған


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

ФИФА атқару комитетінің бұрынғы мүшесі Чак Блейзер екі жыл бұрын АҚШ сотына өзі мен ассоциацияның басқа да бірнеше шенеунігі 1998 және 2010 жылдардағы футболдан әлем чемпионаты өтетін елдерді анықтауға дауыс беруде пара алуға келіскенін айтқан. АҚШ прокуратурасы бұл жайлы 2013 жылдың қарашасында АҚШ федералдық сотында Блейзердің қатысуымен өткен тыңдауда басылған жазбасын жариялады. Блейзер сот тыңдауында өзінің бопсалаушылық және басқа да қылмыстар жасағанын мойындаған.

Блейзер сотта Оңтүстік Африка Республикасы 2010 жылғы әлем чемпионатын өткізетін ел ретінде таңдалған дауыс беру кезінде пара алғанын айтқан. АҚШ прокуратурасының мәліметінше, ФИФА атқару комитетінің бұрынғы мүшесі әрі Солтүстік және Орталық Америка мен Кариб бассейні елдері футболы конфедерациясындағы екінші адам саналған Блейзер тоғыз эпизод бойынша заң бұзғанын мойындаған.

Ол бұған қоса 1992 жылы 1998 жылғы әлем чемпионатын өткізетін елді таңдау кезіндегі коррупциялық қылмысқа да қатысқанын айтқан. Ол дауыс беруде Франция Мароккодан басым түскен.

2 маусымда ФИФА президенті Зепп Блаттер өзі басқаратын ұйымдағы коррупциялық жанжалдарға байланысты отставкаға кеткен.

XS
SM
MD
LG