Accessibility links

Сенат Румыниямен тұтқын алмасуды мақұлдады


Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты депутаттары бүгін Қазақстан мен Румыния арасындағы сотталған азаматтарды қайтару туралы келісімді ратификациялады.

Келісімде Румынияда сотталған Қазақстан азаматтарын қайтару мен Қазақстанда сотталған Румыния азаматтарын қайтарудың тәртібі қарастырылған.

Сенаттың заң, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің мәліметінше, келісімде тұтқынды қайтару туралы өтініш саяси айыптаулармен байланысты болса, сұралған азаматқа өз елінде өлім жазасын қолдану қаупі төніп тұрса және сот ісі мен сот шешімінің мерзімі өтіп кеткен болса қанағаттандырылмауы мүмкін екені айтылған.

Қазақстан мен Румыния арасындағы экстрадиция туралы келісімге 2014 жылдың 14 қарашасында Бухаресте қол қойылған.

XS
SM
MD
LG