Accessibility links

"Бәйтерек" кешені келісіміне өзгеріс мақұлданды


"Союз" ғарыш кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылу сәті. 28 сәуір 2015 жыл.

"Союз" ғарыш кемесінің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылу сәті. 28 сәуір 2015 жыл.

Сенат депутаттары бүгін Қазақстан мен Ресей үкіметтері арасындағы Байқоңыр ғарыш айлағында "Бәйтерек" зымыран кешенін салу жөніндегі келісімге түзетуді мақұлдады.

Инвестиция және даму министрлігі аэроғарыш комитеті төрағасы Талғат Мұсабаевтың парламентте айтуынша, парламентте 11 жыл бұрын қол қойылған бұл келісімде Байқоңырда ресейлік "Ангар" зымыраны негізінде "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенін құру қарастырылған. "Ангар" зымыраны қазіргі ұшырылып жүрген "Протон-М" зымыран кешенін алмастыруы тиіс.

Мұсабаевтың сөзіне қарағанда, "Бәйтерек" кешенін салу жобасы әлі іске аспаған. Ол бұл мәселе Ресей жағының өз ғарыш айлағында "Ангар" зымыранын сынақтан өткізуді кешіктіруімен байланысты. Ал Байқоңырда жаңа кешен құру жобасының құны 223 миллион АҚШ долларынан 680 миллион АҚШ долларына дейін ұлғайып, кешенді қаржыландыруға берілген несиені төлеу мерзімі жақындап қалған. Үкімет сондықтан парламент қарауына негізгі қарызды жеңілдікпен төлеу және бюджеттік несиенің сыйақысын төлеу мерзімін 2019 жылға дейін ұзартуды қарауға ұсынған.

Келісімге өзгеріс парламентте мақұлданып, ол енді президент қол қоюына жіберілді.

XS
SM
MD
LG