Accessibility links

Порошенко: Донбаста қайта соғыс басталу қаупі бар


Украина президенті Петр Порошенко парламентте сөйлеп тұр. Киев, 4 маусым 2015 жыл.
Украина президенті Петр Порошенко парламентте сөйлеп тұр. Киев, 4 маусым 2015 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко елдің шығысында "ауқымды" соғыс қимылдарының қайта басталу қаупі төніп тұрғанын мәлімдеді.

4 маусымда парламентте сөйлеген Порошенко Украина әскері елді "Ресеймен шекара тұстан төнетін кең ауқымды басқыншылықтан қорғауға дайын болуы тиіс" деді.

Ол бұған қоса қазір Украина территориясында Ресейдің "9 мыңнан астам әскері тұрғанын" да айтты.

Киев пен Батыс елдері Ресейді "Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерге қару-жарақ, қаржылай түрде көмек көрсетіп, әскер жөнелтеді" деп айыптайды. Бірақ Мәскеу мұны жоққа шығарады.

Соңғы күндерде Донецк облысында украин әскері мен сепаратистер арасында ұрыс жалғасқан. Президент Порошенконың көмекшісі Юрий Бирюковтың мәліметінше, кеше Донецк түбіндегі Марьинка елді мекенінде ұрыста бес украин сарбазы қаза тауып, 39 адамы жараланған. Ресми Киев "сепаратистер Марьинкадағы украин әскерінің бекінісіне шабуылдап, сәтсіздікке ұшыраған" деп хабарлады.

XS
SM
MD
LG