Accessibility links

Ақсайда березовкалық оқушы талып қалды


Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласындағы аудандық орталық ауруханада 14 жастағы Альбина Ысқақова дәрігерлердің көз алдында талып қалды.

Облыстың Бөрілі ауданы Березовка ауылынан келген жасөспірім жеті айдан бері ауырады. Ол - 2014 жылы қарашада ауылда уланған жиырма шақты оқушының бірі.

Березовка тұрғындары жаппай улану себебін ауылдан бес километр жерде орналасқан, мұнай-газ конденсатын өндіретін Қарашығанақ кенішінен тараған улы заттармен байланыстырады. Бірақ кенішті өндіруші Karachaganak Petroleum Operating B.V. консорциумы бұл оқиғаға ол мекеменің қатысы жоғын, кеніштен бөлінген газ қалдықтары деңгейі экологиялық нормадан аспағанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG