Accessibility links

Ганада жарылыстан 150 адам қаза тапты


Аккрадағы өрт болған орын. Гана, 4 маусым 2015 жыл.
Аккрадағы өрт болған орын. Гана, 4 маусым 2015 жыл.

Гана астанасы Аккра қаласында жанармай құю станциясында болған жарылыстан кемінде 150 адам қаза тапты. Гана президенті Джон Махама елде үш күндік қаралу күн жариялады.

Оқиға болғанда ондаған адам нөсер жауыннан қорғанып, жанармай құю станциясы мен жақын маңдағы дүкендерде тұрған. Нөсер жауын станцияда сақталып тұрған жанармайды шайып, ол сол маңдағы өртеніп жатқан үйге жетіп, жарылыс болған. Өрттен бірнеше ғимарат жанып кеткен.

Қаза тапқандар тізіміне жарылыста мерт болғандар, өрттен қашып суға батқандар мен қаланың өзге де аудандарында тасқын суға кеткендер кіруі мүмкін.

Жарылыс болған аудандағы нөсер құтқару жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр. Джон Махама апаттан қаза тапқандардың аты-жөнін атап, құрбандардың туған-туыстарына көңіл айтты. Президент алда мұндай апатты болдырмау шараларын қабылдауға уәде берді.

XS
SM
MD
LG