Accessibility links

БҰҰ Украинаға қатысты шұғыл жиын өткізеді


Украин әскерилері Марьинка елді мекенінде сепаратистермен ұрыс кезінде. Донецк облысы, 4 маусым 2015 жыл.

Украин әскерилері Марьинка елді мекенінде сепаратистермен ұрыс кезінде. Донецк облысы, 4 маусым 2015 жыл.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бүгін Украинадағы жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізеді. Литва Донбасстағы, әсіресе соңғы күндері Донецк түбіндегі Марьинка елді мекенінде жағдай шиеленіскен соң төтенше жиын өткізуге шақырған.

Маусымның 3-і күні ресейшіл сепаратистер Марьинкадағы украин әскерилерінің бекінісіне танктер мен артиллерияны қолданып, шабуылдаған. Екі жақ арасында болған ұрыстан бес украин сарбазы қаза тауып, 39-ы жараланған.

Ақпан айында Минскіде Донбасстағы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғалы бері мұндай ауқымды ұрыс пен адам шығыны болмаған. Ол келісім бойынша, екі жақ қақтығыс аймағынан ауыр қару-жарақтарын әкетуге тиіс болған.

Маусымның 4-інде парламентте сөйлеген Украина президенті Петр Порошенко Донбасста "ауқымды соғыс қимылдары қайта басталу қаупі төніп тұрғанын" мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG