Accessibility links

Пәкістан: Сауд Арабиясына ядролық технология бермейміз


Пәкістан сыртқы істер министрі Аизаз Ахмад Чаудхри.

Пәкістан сыртқы істер министрі Аизаз Ахмад Чаудхри.

Пәкістан сыртқы істер министрі Аизаз Ахмад Чаудхри Исламабадтың өзінің ядролық қаруы мен оған қатысты технологияны Сауд Арабиясымен бөлісетінін жоққа шығарды. 4 маусымда Вашингтонға сапарында америкалық ресми тұлғалармен кездесуден соң Чаудхри Пәкістанның Сауд Арабиясымен ядролық мәселелерді талқыламайтынын айтып, "Исламабадтың ядролық қаруы тек Пәкістанның қорғанысына қызмет ететінін" мәлімдеді.

Оның сөзінше, Пәкістан ядролық қаруын немесе оны жасауға қажетті технологияны басқа елге сатуы немесе беруі мүмкін деген ақпараттар "негізсіз".

Ядролық арсеналында 100-ге жуық ядролық оқтұмсық бар деп саналатын Пәкістан бұған дейін ядролық қару жасау технологиясын Иран, Ливия және Солтүстік Кореямен бөліскен.

Әлемдік кейбір державалар Иран ядролық әлеуетін арттырып жатқан тұста Сауд Арабиясы, я Таяу Шығыстағы өзге де мемлекеттер Пәкістаннан ядролық қаруға ие болуға көмек сұрауы мүмкін деп қауіптенеді.

Бірақ Чаудхри Пәкістан соңғы жылдары экспортқа бақылау жасап, БҰҰ бақылаушыларына қажетті ақпараттарды беру арқылы ядролық қаруды таратпауға біраз үлес қосқанын айтады.

Пәкістан алғашқы ядролық қаруын 1998 жылы сынаған. Одан алдын Пәкістанмен көрші Үндістан да ядролық қаруын сынаған болатын.

XS
SM
MD
LG