Accessibility links

Киев: "ИМ-ға қатысы бар" қазақстандық ұсталды


Украина қауіпсіздік қызметінің ғимараты, Киев. (Көрнекі сурет).

Украина қауіпсіздік қызметінің ғимараты, Киев. (Көрнекі сурет).

Украина арнайы қызметі арасында "Қазақстан азаматы бар бес шетелдіктің ұсталғанын" мәлімдеді. Украина қауіпсіздік қызметі сайтында жарияланған мәлімдемеде ұсталған екі ресейлік, Өзбекстан мен Тәжікстанның бір-бір азаматы Украина территориясында "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларын "өткізетін база" құрмақ болды деген күдікке ілінгені айтылады.

Арнайы қызмет мәліметінше, украин және шетел арнайы қызметтері 3 маусымда "Ислам мемлекеті" ұйымы содырларын Украина мен Түркия территориялары арқылы Сирия мен Иракқа және Еуропа елдеріне өткізу жолдарын жою жөнінде бірлескен операция жүргізген.

Аталған шетелдіктердің кейбірі Түркиядан террористік іс-әрекетке қатысы бар деген күдікпен Украинаға депортацияланып, Украинада заңсыз жүрген. "Ислам мемлекеті" ұйымы өкілдері Сирияға Түркия арқылы бармақ болғаны айтылады мәлімдемеде.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінен Азаттыққа бұл ақпаратқа қатысты Украина жағының жауабын күтіп отырғанын айтты. "Консулдық бөлім Украина сыртқы істер министрлігіне ақпарат құралдарында шыққан Қазқастан азаматының ұсталғаны туралы ақпаратты растап, я терістеуді сұрап нота жіберді" деді министрліктің ресми өкілі Алтай Абибуллаев Азаттыққа.

XS
SM
MD
LG