Accessibility links

Сот қоғамдық қордың шағымын орындамады


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Бүгін Өскеменнің мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты
«Answer» қоғамдық қорының шағымын қанағаттандырмай тастады. Қор Ертіс бассейн инспекциясының өздеріне тиесілі жерді «су қорғау аймағында орналасқан» деген актісін заңсыз деп тануды сұраған.

Бұрын сотталған адамдар мен қорғалмаған азаматтарды бейімдейтін орталық салған «Answer» қоғамдық қорының төрайымы Елена Растокинаның айтуынша, 2013 жылы көлемі 1 гектар жерді сатып алу кезінде құжаттарда бұл жердің су қорғау аймағында тұрғаны жазылмаған.

"Енді біз территорияға адаптациялық орталық салып, жұмыс істеп жатқан
тұста тексеріс келіп, «құрылыс – заңсыз, жер су қорғау аймағында
тұр, үйді бұзу қажет» екенін айтты» дейді Елена Растокина.

Бүгінгі соттың шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. «Answer» қоғамдық
қорының оған қарсы апелляция шағым беруіне 15 күндік мұрсаты бар.

XS
SM
MD
LG