Accessibility links

Баку ЕҚЫҰ миссиясын жаппақшы


Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының 23-сессиясында сөйлеп тұр. Баку, 28 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев ЕҚЫҰ парламенттік ассамблеясының 23-сессиясында сөйлеп тұр. Баку, 28 маусым 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Әзербайжан үкіметі Еуропадағы қауіпсіздік және ынтмықтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Бакудегі миссиясына қызметін доғаруына бір ай уақыт берген. Бұл туралы Азаттыққа хабарлаған ЕҚЫҰ өкілі Шив Шарманың айтуынша, ресми Баку оның себебі туралы ешқандай түсініктеме бермеген.

Әзербайжан үкіметінің шешімі батыс елдерінің ресми тұлғалары мен халықаралық құқыққорғау ұйымдары тарапынан Әзербайжанда азаматтық қоғам және бұқаралық баспасөз құралдарына биліктің қысымды күшейтуіне байланысты сыни пікірлер айтып жатқан тұста белгілі болып отыр.

Құқыққорғаушы ұйымдар Ильхам Әлиев 2013 жылы үшінші мерзімге Әзербайжан президенті қызметіне сайланған соң Баку үкіметтің саяси қарсыластарын қаралауға тырысып жатыр деп санайды. ЕҚЫҰ Әзербайжанда биліктің жүргізіп отырған саясатын қатты сынағандардың бірі.

ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович былтыр қарашада «Әзербайжанда іс жүзінде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары мен үкіметтік емес медиа-ұйымдардың түгелге жуығы әртүрлі, көбінесе еш негізсіз айыптар бойынша мақсатты түрде қуғынға салынып отыр» деп мәлімдеген.

Елдегі адам құқығы жағдайына қатысты батыс елдерінің айтқан сынын «біржақты» деп бағалаған Әзербайжан билігі оны қабылдаудан бас тартқан.

XS
SM
MD
LG