Accessibility links

Киевте гей-парад кезінде қақтығыс болды


Гей-парадқа шыққалы жатқан белсенділер. Киев, 6 маусым 2015 жыл.
Гей-парадқа шыққалы жатқан белсенділер. Киев, 6 маусым 2015 жыл.

Киевте бүгін «Теңдік маршы» деп аталған гей-парад кезінде қоршауды бұзып өткен топты адам шараға қатысушыларға тұтанғыш заттар лақтырып, екі жақ арасында қақтығыс болған.

УНН агенттігінің хабарлауынша, қақтығыстар салдарынан милицияның үш қызметкері зардап шеккен, олардың бірі мойнынан жараланған. Шеруге шабуылдағандардан он адам ұсталған. Депутат Сергей Лещенконың ақпараты бойынша, ұсталғандар саны 25-30 адам.

Шара өткен жерде оларды қорғауға милицияның 13 автобусы келген. «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, акцияға 300-дей адам қатысқан.

Бұған дейін «Правый сектор» («Оңшыл сектор») тобының лидері, Украина Жоғарғы Радасының депутаты Дмитрий Ярош өз ұйымы бұл шеруге қарсы шығатынын мәлімдеген. «Правый сектор» ұйымы ресми түрде Киев мэрі Виталий Кличкодан шеруге жол бермеуді сұраған. Бейсенбі күні Кличко гей-парадты «беймезгіл» шара деп атаған.

Украина президенті Петр Порошенко мұндай акция өткізу ел конституциясына қайшы келмейтінін, бірақ өзі оған қатыспайтынын мәлімдеген.

Киевтегі гей-парадтағы қақтығыс:

Киевтегі гей-парадтағы қақтығыс
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:56 0:00

XS
SM
MD
LG