Accessibility links

АҚШ сауда палатасы экс-басшысын Ресейден шығарды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей соты «миграция туралы заң ережесін бұзғаны үшін елден шығарылсын» деген шешім шығарған АҚШ сауда палатасының бұрынғы президенті Скотт Блэклин бүгін Ресейден кетті.

Ресейдің «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сот орындаушылары Блэклиннің Финляндия астанасы Хельсинкиге ұшып кеткенін айтқан.

Бұған дейін АҚШ-тың Blacklin associates LLC компаниясы басшысы Скотт Блэклиннің Ресейдің Нижний Новгород қаласына жергілікті Лобачевский атындағы мемлекеттік университеттің шақыруы бойынша конференцияға қатысу үшін келгені хабарланған. Бірақ, мамырдың 20-сы күні Ресей федералдық миграциялық қызметі басқармасының өкілдері оны «ел аумағына кіргенде басқа мақсатпен келгенін айтты» деген уәжбен ұстап, шетел азаматтарын уақытша ұстайтын орынға қамаған.

XS
SM
MD
LG