Accessibility links

Сараево: Рим папасы ынтымаққа шақырды


Рим папасы Франциск Сараево стадионында салтанатты мінәжат өткізіп тұр. 6 маусым 2015 жыл.

Рим папасы Франциск Сараево стадионында салтанатты мінәжат өткізіп тұр. 6 маусым 2015 жыл.

Рим папасы Франциск серб, хорват және мұсылман қауымдары арасындағы диалогты нығайтуға септесу мақсатымен бүгін Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласына бір күндік сапармен барды.

Папа сондағы әртүрлі діни конфессияларды өткеннен қалған терең жараны қозғамай, бейбіт болашақ үшін тізе қосып еңбек етуге үндеген. Ол жабайылыққа және әртүрлі ерекшелікті зорлық-зомбылыққа себеп ретінде пайдалануға әрекетіне қарсы тұруға шақырған.

Сараевоға келген понтификті қарсы алуға шыққан мыңдаған адам әуежайдан қала орталығына дейін жол бойында тұрып, мәртебелі мейманға ықылас танытқаны жайлы хабарланды.

Ел басшылығы мен әртүрлі діни қауымдастық өкілдерімен кездесуден соң Папа Франциск Сараеводағы орталық стадионға барған. Ол сонда жиналған 65 мыңдай адамның (негізінен католиктер) алдында салтанатты мінәжат рәсімін өткізген.

1992-1995 жылдары Босния мен Герцеговина аумағында болған ұлтаралық жанжал барысында 100 мыңнан аса адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG