Accessibility links

Астанада Пушкиннің туған күнін атап өтті


Орыс ақыны Александр Пушкин портретінің эскизі.
Орыс ақыны Александр Пушкин портретінің эскизі.

Астанада бүгін орыс ақыны Александр Пушкиннің туған күніне арналған шаралар өтті. Есіл жағалауындағы ақын ескерткішінің алдында өлеңдер оқылды, оған үлкендер де, жастар мен балалар да қатысты.

«Бүгінгі Пушкин оқулары Қазақстан астанасында ақынның туған күніне байланысты өткізіліп жатқан шаралардың бірі ғана. Қазақстанда Пушкинге деген сүйіспеншілік әркез болған және жалғаса бермек, оны адамдардан байқауға болады. Мұнда оны жай ғана білумен шектелмей, ақынды зерттейді. Жақында солардың бірі, петропавлдық пушкинтанушы Василий Коноплев бізге «Әлемдегі Пушкин ескерткіштері» көрмесін ұйымдастыруға көмектесті» деп хабарлаған ТАСС агенттігіне бүгінгі шараларды ұйымдастырушылардың бірі, «Россотрудничество» мекемесінің Қазақстандағы өкілдігінің жетекшісі, Астанадағы Ресей елшілігінің кеңесшісі Виктор Нефедов.

Оның айтуынша, бұған дейін астаналық профессор Кенжеғали Мыржықбай «Пушкин және Абай» музыка кешін өткізген.

XS
SM
MD
LG