Accessibility links

Кремльді қолдаған әртістерге АҚШ-та наразылық білдірген


Ресейлік актер Алексей Гуськов.

Ресейлік актер Алексей Гуськов.

АҚШ-қа гастрольдық сапармен барған Мәскеудің Вахтангов атындағы академиялық театры әртістерін Нью-Йорктегі «New York City Center» театры алдында Қырымды аннексиялауға қарсылық пикеті қарсы алған.

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні пикетке шыққан тоғыз белсенді көрермендерді Ресей президенті Владимир Путиннің Украина мен Қырымға қатысты саясатына қолдау танытқан хатқа қолған қойған театр труппасының актерлері Алексей Гуськов пен Евгений Князевке қол соғып қошемет көрсетпеуге шақырған.

Пикете шыққандардың кейбірі Украинаның туын ұстап тұрған. Олар сондай-ақ өздерінің талап-тілектері орыс тілінде жазылған үнпарақтар таратқан.

Пикет өткен «New York City Center» театры әкімшілігі полиция шақырған.

XS
SM
MD
LG