Accessibility links

Донбаста үкімет әскерін тағы да атқылаған


Донецк облысы Артемовск елді мекені маңындағы украиналық әскерилер. 4 маусым 2015 жыл.

Донецк облысы Артемовск елді мекені маңындағы украиналық әскерилер. 4 маусым 2015 жыл.

Донбаста ресейшіл сепаратистер үкімет әскерінің позицияларын атқылауды жалғастырып жатыр деп хабарлайды украиналық әскерилер. Украиналық «5 ана» телекомпаниясы Марьинка елдімекенін атқылап жатқан сепаратистер туралы видео көрсеткен.

Украинаның шығысындағы сепаратистерге қарсы әскери операция штабының хабарлауынша, сенбі күні жікшілдер Донецк облысындағы Широкино, Гранитное, Староигнатьевка, Богдановка, Ленинское және Луганское елдімекендерін, Луганск облысындағы Крымское селосын атқылаған.

Украиналық әскерилер сепаратистер Минск келісімі бойынша тыйым салынған ауыр қару-жарақ түрлерін қолданған дейді.

Бұның алдында сенбі күні Украина президенті әкімішілігінің әскери операциялар жөніндегі баспасөз хатшысы Андрей Лысенко маусымның 5-інен бері шығыстағы жанжал аймағында бір әскери қызметкер қаза тауып, тағы он адам жараланған деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG