Accessibility links

Чехияда «2000 сөз» авторы Людвик Вацулик қайтыс болды


Чех жазушысы Людвик Вацулик.
Чех жазушысы Людвик Вацулик.

Чехияда 88 жасында жазушы, советтік Чехословакия тұсындағы диссидент, әйгілі «2000 сөз» манифестінің авторы Людвик Вацулик дүние салды.

1967 жылы жазушылар съезінде билікті сынағаны үшін Чехословакия коммунистік партиясы қатарынан шығарылған Вацулик 1968 жылы «Прага көктемі» кезінде жазған «2000 сөз» атты манифестінде елде либералдық реформаларды батыл жүргізуге және коммунистік партияны биліктен аластауға шақырған еді.

Сол жылы тамызда СССР бастаған Варшава шартына мүше елдер Чехословакияға әскер кіргізіп, бұл елдегі демократиялық өзгерістерді тоқтатқан соң, Вацуликтің кітабын баспадан шығаруға ұзақ жылдар бойы тыйым салынған.

1977 жылы Людвик Вацулик елдегі диссиденттер әзірлеген бағдарлама – «Хартия 77» құжатына қол қойған. Онымен бірге құжатқа қол қойғандардың арасында Ян Паточка, Зденек Млынарж және кейін Чехия мемлекетінің президенті болған Вацлав Гавел сынды тұлғалар болды.

1989 жылғы «мақпал революциясы» нәтижесінде коммунистік режим құлаған соң Чехия жаңа даму жолына түскен.

XS
SM
MD
LG