Accessibility links

Украина Канадамен виза режимін жеңілдеткісі келеді


Канада премьер-министрі Стивен Харпер (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко бірлескен баспасөз мәслихатында тұр. Киев, 6 маусым 2015 жыл.

Канада премьер-министрі Стивен Харпер (сол жақта) мен Украина президенті Петр Порошенко бірлескен баспасөз мәслихатында тұр. Киев, 6 маусым 2015 жыл.

Украина өз азаматтарына Канада визасын он жыл мерзімге көпреткі етіп рәсімдеу мүмкіндігі болғанын қалайды. Бұл туралы сенбі күні Киевте Канада премьер-министрі Стивен Харпермен кездесуден соң бірлескен баспасөз мәслихатында Украина президенті Петр Порошенко мәлімдеген.

«Біз қазір визаға қатысты кеңесулер өткізуге ұсыныс жасап отырмыз. Виза бойынша диалогқа қатысты әр елдің өз айтары бар. Канадамен виза жөніндегі диалогта негізгі екі бағыт бойынша кеңесулер өтеді. Біріншісі – визалардың көпшілігі он жыл мерзімге көпреткі болып берілуіне қол жеткізу. Бұрын-соңды мұншалықты ұзақ мерзімге виза берілген емес. Екіншісі – виза алу рәсімін неғұрлым жеңілдету» деген Порошенко.

Қазіргі қолданыстағы тәртіп бойынша, Канада территориясына бару үшін Украина азаматтарында виза болуы шарт.

Бұның алдында Петр Порошенко Украина биыл тамыз айына дейін Еуропа одағымен 2016 жылы визасыз режим орнатуға қажетті барлық техникалық тапсырмаларды орындауы тиіс деп мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG