Accessibility links

Новосибирскіде Навальныйға жұмыртқа лақтырған


Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный.

Ресейдің Новосибирск қаласында бүгін баспасөз мәслихатын өткізер алдында Прогресс партиясының жетекшісі, оппозиционер Алексей Навальныйға белгісіз біреулер жұмыртқа лақтырған. Бірақ, оқыс оқиға оппозиционердің баспасөз жиынын тоқтата алмаған. Навальный белгісіздердің ісін «бұзақылық» деп атаған.

«Новосибирск қаласына келгенім маған аса жақты. Бұл қалада азық-түліктің молшылығы соншама, оларды көшеде лақтыра береді екен» деген Навальный журналистерге.

«Сондай-ақ жергілікті ЕР өзінің бар мықтылығын көрсетті: метродан шығып баспасөз мәслихатына бара жатқан бізге бұрыштан шыға келген үш адам жұмыртқа лақтырып, тұра қашты» деп жазған ол кейін Twitter-дегі парағында.

Ресей ішкі істер министрлігінің Новосибирск облысы бойынша басқармасы егер Навальныйдың өзі немесе шараны ұйымдастырушылар полицияға өтініш берсе оқиғаны тексеретінін хабарлаған.

FlashSiberia агенттігінің хабарлауынша, НОД-тың жергілікті ұйымының үйлестірушісі Рустам Усаров қозғалыстың бұл оқиғаға қатысы жоғын мәлімдеген.

Ресей оппозиционері Алексей Навальный Новосибирск қаласына Демократиялық коалиция ұйымдастырып жатқан праймеризге дайындық мақсатымен келген.

XS
SM
MD
LG