Accessibility links

Мәскеуде Немцовқа қойылған заттарды тағы алып тастады


Мәскеуде саясаткер Борис Немцов қаза тапқан жердегі гүлдер.

Мәскеуде саясаткер Борис Немцов қаза тапқан жердегі гүлдер.

Ресейде оппозиция қайраткері Борис Немцовтың қаза тапқанына бүгін жүз жыл толды. Twitter әлеуметтік желісі арқылы тараған хабарларда, белгісіз бірлеулер саясаткер қастандықпен өлтірілген жердегі барлық гүлдер, тулар мен жазуларды бүгін тағы да алып кеткен.

Немцов қаза тапқан жердегі марқұмды еске алушылар қойған халықтық мемориал осыған дейін бірнеше рет ойрандалған. Кейбір жағдайларда бұл үшін жауапкершілікті өздерін «SERB – орыс азат ету қозғалысы» деп атайтын радикалдық топ белсенділері мойнына алатынын мәлімдеген.

Бірнеше рет Немцовқа қойылған гүлдер мен шырақтарды Мәскеу қалалық коммуналдық шаруашылық қызметкерлері алып тастаған.

Бірақ әр кез жұртшылық өкілдері оппозициялық саясаткер қаза болған жерде оған арнап гүлдер, шырақтар мен суреттерді қайтадан қойған.

Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні Кремль іргесіндегі үлкен көпірдің үстінде атып өлтірген. Бұл қылмысқа күдікті ретінде бес адам ұсталған. Олардың бірі – Заур Дадаевқа тергеушілер «Немцовты атқан» деген айып тағып отыр. Тергеу кезінде әуелгіде қылмысты мойнына алатыны туралы куәлік берген Дадаев кейін сөзінен айнып, өзіне қысым жасалған соң жалған айтуға мәжбүр болғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG