Accessibility links

Орал тәлімбағын прокуратура тексере бастады


Оралдағы қаңғыбас иттерге арналған тәлімбақ. Орал, 21 мамыр 2015 жыл.

Оралдағы қаңғыбас иттерге арналған тәлімбақ. Орал, 21 мамыр 2015 жыл.

Орал қалалық прокурорының орынбасары Арон Ақпанов баспасөз қызметі арқылы Азаттыққа прокуратураның қала іргесіндегі Круглоозерное ауылындағы қаңғыбас иттерге арналған тәлімбақты тексере бастағанын растады. Тексеру ақпарат құралдарында тәлімбақтағы жануарлардың қатаң түрде бағылатыны туралы материал жарияланғаннан кейін басталған. Қазір тәлімбақ жұмысы уақытша тоқтатылған.

Прокуратура қазір тәлімбақ қарайтын қалалық ветеринарлық станцияның бюджет қаржысын мақсатты пайдаланғанын тексеріп жатқанын айтады. Бұған қоса ветеринарлық қызметтің қаржылық құжаттарының растығын және жануарлардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай ұсталғанын анықтайтын сараптама тағайындалған.

Оралда өткен жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тәлімбақта қаңғыбас иттер ш күнге дейін бағылады. Егер үш күнге дейін итті иесі алып кетпесе немесе оны асырап алуға тілек білдіргендер болмаса онда иттерді ұйықтатып, тәлімбаққа жақын маңдағы жануарларды көмуге арналған орында өртейді.

Биыл Орал қалалық ветеринарлық қызметіне 5 мың ит пен 400 мысықты аулау үшін мемлекеттен 19 миллион теңге бөлінген.

XS
SM
MD
LG