Accessibility links

G7 басшылары терроризм мен климаттың өзгеруін талқылайды


G7 елдері басшыларының саммиті. Германия, 8 маусым 2015 жыл.

G7 елдері басшыларының саммиті. Германия, 8 маусым 2015 жыл.

Баварияда өтіп жатқан "Үлкен жетілік" (G7) елдері саммитінің екінші күнінде терроризм қаупі мен климаттың өзгеруі мәселесі талқыланбақ. Кейбір ақпараттарға қарағанда, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Канада, Жапония және Италия басшыларының кездесуіне Ирак премьер-министрі Хайдер әл-Абади мен Нигерия президенті Мохаммад Бухари да қатысып жатыр. Жиында Ирак пен Сирияның біраз бөлігін басып алған "Ислам мемлекеті" мен Нигерияда жиі жарылыс ұйымдастыратын "Боко Харам" сияқты экстремистік ұйымдардан төнетін қауіп-қатер жайы талқыланбақ.

G7 саммиті 7 маусымда ашылған. Саммиттің алғашқы күні Украинадағы дағдарыс жайы қаралған. Саммит қарсаңында АҚШ президенті Барак Обама мен Германия канцлері Ангела Меркель Ресейге қарсы санкцияны Мәскеу Донбасстағы қақтығысты тоқтату келісімін толық орындамайынша және Украинаның егемендігін танымайынша күшінде қалдыруға уағдаласқан.

XS
SM
MD
LG