Accessibility links

Путин Назарбаевты орденмен марапаттады


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 9 мамыр 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Мәскеу, 9 мамыр 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "еуразиялық интеграциялық процесстерді ілгерілетуге қосқан үлесі үшін" Ресейдің мемлекеттік Александр Невский орденімен марапаттады. Марапаттау туралы жарлық Кремльдің ресми сайтында 8 маусымда жарияланды. Бұған дейін мұндай орденмен Беларусь президенті Александр Лукашенко марапатталған.

Ресей, Қазақстан мен Беларусь - Еуразия экономикалық одағын (ЕАЭО) құрған мемлекеттер. ЕАЭО-ға 2014 жылы Армения, биыл мамырда Қырғызстан кірген.

1994 жылдың наурызында Назарбаев Мәскеуде "мемлекеттердің еуразиялық одағын" құру идеясын көтерген. Бір жылдан соң Беларусь, Қазақстан және Ресей ЕАЭС-тің негізі болған Кеден Одағын құру туралы келісімге қол қойды.

XS
SM
MD
LG