Accessibility links

Украина шығысында жарылыстан 7 әскери қаза тапты


Артемьевск қаласы маңында жүрген украин әскерилері. Украина, 4 маусым 2015 жыл.

Артемьевск қаласы маңында жүрген украин әскерилері. Украина, 4 маусым 2015 жыл.

Украина шығысында әскери жүк көлігі минаға түсіп жарылып, жеті әскери қызметкер қаза тапты. Украин әскери қолбасшылығының Facebook-те хабарлауынша, оқиға ресейшіл сепаратистер бақылауындағы Донецкіден 15 километр қашықтықта болған. Мәлімдемеде жүк көлігінің танкіге қарсы қолданылатын минаға тап болғаны айтылады. Сепаратистер оқиғаға қатысты мәлімдеме жасамады.

Киевтің мәлімдеуінше, ақпан айында Минскіде Украинадағы қақтығысты тоқтату туралы келісім жасалғаннан бері 100-ден астам әскери қызметкер мен 50-ге жуық бейбіт тұрғын қаза тапқан. Донбасстағы жағдайды бақылайтын ЕҚЫҰ арнайы миссиясы бітім шартының жиі бұзылып жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG