Accessibility links

Алматыда нөсер жаңбырдан бірнеше көшені су басты


Алматыда толассыз жауын астында кетіп бара жатқан жұрт. (Көрнекі сурет).
Алматыда толассыз жауын астында кетіп бара жатқан жұрт. (Көрнекі сурет).

Алматыда 9 маусымға қараған түннен басталған толассыз жаңбырдан бүгін қаладағы бірнеше көшені су басып, көлік қозғалысы қиындады.

Тұрғындардың әлеуметтік желілерде жазуына қарағанда, әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесі қиылысындағы жолайрықты су басып, көлік кептелісі туындаған. Райымбек даңғылының Бөкейханов көшесімен, Сейфуллин даңғылымен қиылыстарындағы көпірлердің маңында да су жиналып, көлік қозғалысына қиындық тудырған.

8 маусымда Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті 9 маусымда нөсер жауыннан Алматы облысының жекелеген тау өзендерінде су тасқыны болып, сел жүру қаупі барын ескертіп, тұрғындарды таулы аймақтарға бармай қоя тұруға шақырған.

"Қазгидромет" мекемесінің болжамынша, бүгін Алматыда және Қазақстанның көпшілік бөлігінде жауын-шашын болады.

XS
SM
MD
LG