Accessibility links

Әлемдік діндер жетекшілері хатшылығының отырысы басталды


Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері құрылтайы өтетін бейбітшілік және келісім сарайы, Астана. (Көрнекі сурет).
Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілері құрылтайы өтетін бейбітшілік және келісім сарайы, Астана. (Көрнекі сурет).

Астанада әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары құрылтайы хатшылығының 14-отырысы басталды.

Құрылтай хатшылығы отырысында діни жетекшілер кеңесінің құрамын өзгерту, діни жетекшілер кеңесінің екінші отырысының күн тәртібін анықтау мәселелері қаралмақ.

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің 5-құрылтайы ертең басталады. Құрылтайға Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, халықаралық ұйымдардың басшылары, саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері, ғылыми орталықтар мен азаматтық қоғам өкілдері қатысады. Құрылтай екі күнге созылады.

Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайы алғаш 2003 жылы қыркүйек айында өткен. Құрылтай содан бері әр үш жылда бір рет өткізіліп келеді.

XS
SM
MD
LG