Accessibility links

Ресей: Иранмен мұнай-тауар айырбасы әлі іске аспады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ресей билігі Иранмен мұнайды тауарға айырбастау туралы келісім жүзеге аса бастады деп айту "тым ерте" екенін мәлімдеді. Бұған дейін Мәскеу келісім бойынша Иранмен мұнай-тауар айырбасын іске асыра бастағаны хабарланған еді.

Мұнай-тауар келісімі Украина дағдарысына киліккені үшін батыс елдері санкциясына ұшыраған Мәскеудің Ирандағы ықпалын нығайтуына септеседі. Бірақ Тегеран мен әлемдік алты держава арасында Иранның ядролық бағдарламасына қатысты түпкілікті келісім әлі жасалған жоқ. Түпкілікті келісім жасалса, Иранға салынған экономикалық санкциялар біраз жеңілдейді.

"РИА Новости" агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің азық-түлік қауіпсіздігін бақылау қызметі Иранға астық сату басталғанын растағанымен, кейін оны жоққа шығарған.

Ирандық Fars агенттігі бұған дейін Иран мұнай министріне сілтеме жасап, Ресей Тегераннан осы аптадан бастап мұнай импорттай бастайтынын хабарлаған. Бірақ Ресей энергетика министрлігі мұнайды тауарға айырбастау операциясы басталды деуге әлі ерте екенін мәлімдеді.

Ресей айырбас келісімі бойынша Иран мұнайын сатуда арағайын болғысы келеді. Иранның Мәскеудегі елшісінің мәліметінше, келісім құны 70 миллиард АҚШ доллары деп жобаланып отыр.

XS
SM
MD
LG