Accessibility links

Ресейде капиталға рақымшылық жасау заңы қабылданды


Ресей рублі мен АҚШ доллары. (Көрнекі сурет).

Ресей рублі мен АҚШ доллары. (Көрнекі сурет).

Ресей президенті Владимир Путин капиталға рақымшылық жариялау туралы заңға қол қойды.

Құқықтық ақпараттар ресми порталында жарияланған заң бойынша, ресейліктер шетелдегі мүліктерін Ресейде тіркетіп, оны салық және құқық қорғау органдарының санкциясынсыз заңдастыра алады. Ол үшін 2015 жылдың 1 шілдесі мен 31 желтоқсанына дейінгі мерзімде салық декларациясын тапсыру қажет. Азаматтар капиталдарын бір рет қана заңдастыра алады. Декларацияда көрсетілген мәліметтер салықтық құпия деп саналатындықтан, олар бойынша қылмыстық іс қозғалмайды және қылмыстық істе дәлел ретінде келтірілмейді.

Мемлекеттік думасы капиталға рақымшылық жариялау заңын 22 мамырда мақұлдаған. Бірақ Ресей қаржы министрлігі бұған дейін капиталға толық рақымшылық жасау мүмкін емес екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG