Accessibility links

Киев түбіндегі өртте екі өрт сөндіруші жоғалды


Киевке жақын Васильков қаласындағы жанармай сақтау қоймасынан шыққан өрт. Украина, 9 маусым 2015 жыл.

Киевке жақын Васильков қаласындағы жанармай сақтау қоймасынан шыққан өрт. Украина, 9 маусым 2015 жыл.

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков бүгін Киевке жақын Васильков каласындағы жанармай сақтау қоймасында қуатты жарылыстан шыққан өртте екі өрт сөндіруші із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.

Киевтен 30 километр қашықтықтағы Васильков қаласындағы жанармай қоймасында болған өрттен 16 резервуар өртенген. Аваковтың сөзінше, бұған дейін мерт болды деп саналған бірнеше өрт сөндіруші өрт болған аумақтан аман-есен шығарылған. Өрттен бес жұмысшы зардап шеккен.

Әуелде 8 маусым күні кешке бір резервуарда тұтанған өрт басқа сегіз резервуарға көшкен. Бұл резервуарлардың сыйымдылығы 900 текше метрді құрайды.

Полицияның мәліметінше, өрт техникалық ақаудан шыққан болуы мүмкін, бірақ өрттің нақты себебі әзірге белгісіз.

Өртті сөндіруге 300-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылған.

XS
SM
MD
LG