Accessibility links

Нетаньяху: Араб елдері Иранға сенбейді


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху. Иерусалим, 6 маусым 2015 жыл.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху. Иерусалим, 6 маусым 2015 жыл.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху араб елдері басшылары өзінің "Тегеран ядролық қару жасауды жалғастыруға ниетті" деген пікірін қолдайтынын мәлімдеді.

"Мен бұл мәселені бірнеше көрші елдермен жиі талқылаймын және Таяу Шығыста ешкім Иранмен келісім Тегеранның ядролық қару жасауын тоқтата алады дегенге сенбейтінін айтқым келеді. Таяу Шығыс елдері арасынан келісімге тек Иран ғана қатысып жатқанын айту қажет" деп мәлімдеді Нетаньяху.

Бірақ Израиль премьері нақты қай араб мемлекеті басшысын меңзегенін айтпады. Бірақ Нетаньяхудың кеңесшісі Дор Голд бұған дейін Сауд Арабиясы генералдарының бірімен кездесіп, Иранның ядролық бағдарламасы жайын талқылаған.

Израиль премьер-министрінің пікірінше, Иранмен келісім аймақта "ядролық қаруға ие болу жолында жарысқа түрткі болады".

Иран мен әлемдік алты держава маусымның соңына дейін Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне экономикалық санкцияларды жеңілдетуді көздейтін түпкілікті келісім жасасуға келіссөз жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG