Accessibility links

Путин Италияға сапарлап барды


Ресей президенті Владимир Путин Expo Milan 2015 халықаралық көрмесінде сөйлеп тұр. Италия, 10 маусым 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин Expo Milan 2015 халықаралық көрмесінде сөйлеп тұр. Италия, 10 маусым 2015 жыл.

Ресей президенті Владимир Путин бүгін Италияға ресми сапармен барды. Мұнда ол 10 маусымда Миландағы Expo 2015 халықаралық көрмесі аясында Италия премьер-министрі Маттео Ренцимен келіссөз өткізеді.

Путин бұдан соң Римге барып, онда Италия президенті Серджо Маттарелламен және бұрынғы премьер-министр Сильвио Берлусконимен кездеспек.

Еуропа Одағы екі аптадан кейін Мәскеудің Украинадағы саясатына қарсы Ресейге салынған экономикалық санкцияларды ұзартуға қатысты бір шешім қабылдайды.

Ресей Еуропа Одағының өзге елдерінен гөрі Италиямен жақсы қарым-қатынаста. Бірақ соған қарамастан Италия осы аптада Мәскеуге Украинадағы дағдарыс шиеленіссе санкцияларды күшейтетінін ескерген "Үлкен жетілік" (G7) елдерімен байланысын үзеді деуге келмейді.

Италияға бір күндік сапарында Путин Ватиканда Рим Папасы Францискпен де кездеспек.

Болжам бойынша, Путин мен Франциск Украинадағы дағдарыс, Таяу Шығыстағы христиандардың мүшкіл жағдайы мен православие-католик шіркеулері арасындағы қарым-қатынастарды талқыламақ.

XS
SM
MD
LG