Accessibility links

Студенттері мертіккен колледж басшысы тұтқындалды


Ақмола облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Ақмола облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Ақмола облысында төрт студенті электр тогы соғып қайтыс болған агротехникалық колледж басшысының орынбасары ұсталды деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

Облыстық ішкі істер департаменті облыстың Қорғалжын ауданының Қорғалжын ауылындағы колледжде оқитын бірінші курс студенттерінің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын айтады. Бұл оқиға бойынша "абайсызда екі немесе одан да көп адамның мертігуіне әкеп соқтырған еңбек қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы" айыбы бойынша іс қозғалған.

Кеше Астанадан 130 километр қашықтықтағы Қорғалжын ауылында төрт студенттің қаза тапқаны хабарланған. Жергілікті биліктің мәліметінше, студенттер колледж филиалы директоры орынбасарының өтінішімен биіктігі алты метрлік металл басқышты алып келе жатқанда ток соғып мерт болған.

XS
SM
MD
LG