Accessibility links

Инспекция: Үй жануарлары пастереллезден өлмеген


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринарлық бақылау комитеті Қостанай облыстық территориялық инспекциясы үй жануарларының қырылуына пастереллез ауруы себеп емес деп хабарлады.

Облыстық территориялық инспекция бас инспекторының орынбасары Елубай Рахатовтың Азаттыққа айтуынша, кеше, 10 маусымда үй жануарларының өлуіне байланысты жүргізілген зерттеу нәтижесі жарияланған. "Зерттеу қорытындысы малдардың өліміне пастереллез ауруының қатысы жоғын анықтады. Үй жануарлары суық тию мен одан асқынған өкпе қабынуы сияқты аурулардан, жалпы жай-күйінің нашарлауынан өлген" дейді Елубай Рахатов.

Өткен аптада ақпарат құралдары облыстың Жанкелді ауданында, "Алтын Дала" табиғи резерватына жақын аймақтағы шаруа қожалықтарында мүйізді ірі қара төлдері мен жылқылардың да өле бастағанын хабарлаған.

Мамыр айында Қостанай, Ақмола және Атөбе облыстарында Бетпақдала популяциясына жататын 130 мыңнан астам киік қырылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі киік қырылуының бір себебі пастереллез ауруы болуы мүмкін деген. Ал малы қырылған тұрғындар малдарының өліміне пастереллез себеп болуы мүмкін деп болжаған.

XS
SM
MD
LG