Accessibility links

Мектептегі тегін тамақ тоқтайтын болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан үкіметі мектептерде тегін тамақтандыруды жойды деп хабарлады жергілікті агенттіктер. Үкімет қаулысына сәйкес, ата-аналар енді балаларының түскі асына кететін қаржыны өз қалтасынан төлейді. Алматы қалалық білім басқармасының мәлімдеуінше, үкіметтің әлеуметтік қамсыздандыру туралы қаулысында оқушыларды тамақтандырудан үнемделген қаржы жетім балалар мен жағдайы нашар отбасыларынан шыққан балаларды тамақтандыруға жұмсалады.

Жергілікті ақпарат құралының хабарлауынша, Алматыда төменгі сыныптың бір оқушысын тамақтандыруға бір күнге 300 теңге (шамамен 1,6 АҚШ доллары) жұмсалады. Оқушы балалар бұл ақшаға сүт, йогурт, ірімшік, кисель, компот, шәй мен нан және ыстық тамақ ішеді.

Мектептерде тегін тамақтандыруды тоқтату туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11 ақпанда өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында айтқан еді. Назарбаев ол кезде "қазақстандықтар мектептегі балаларына айран мен тоқашты өздері әперуі тиіс" деген.

XS
SM
MD
LG