Accessibility links

Пан Ги Мун: Бішкек халықаралық нормаларды сақтағаны жөн


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун (сол жақта) Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуде. Бішкек, 11 маусым 2015 жыл.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун (сол жақта) Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесуде. Бішкек, 11 маусым 2015 жыл.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Қырғызстан парламентін адам құқықтарына қатысты мәселелерде халықаралық құқық талаптарын сақтауға шақырды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Пан Ги Мун бұл жайында Бішкекте өтіп жатқан "Парламенттік демократияны дамыту: тәжірибе мен келешегі" деп аталатын халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда айтты.

БҰҰ бас хатшысы Қырғызстан 2010 жылдан бері парламенттік демократияға өтуде үлкен жетістікке жеткенін айтып, қырғыз парламенті адам еркіндігі мен құқықтарын қорғауда халықаралық конвенция талаптары мен нормаларын сақтауы тиіс деген.

Пан Ги Мун Бішкекке бүгін таңертең бір күнге, Орталық Азия елдеріне сапары аясында барған. Бүгін түстен кейін ол Ош қаласына бармақ.

БҰҰ бас хатшысы 10 маусым күні Астанада болып, әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің құрылтайына қатысқан.

XS
SM
MD
LG