Accessibility links

Қырғызстан: Қазақстан көліктеріне салық уақытша салынады


Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы
Ақжол кеден бекеті. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанның Қазақстанмен шекарасындағы Ақжол кеден бекеті. (Көрнекі сурет).

Қырғызстанға кіретін шетел, оның ішінде қазақстандық нөмірдегі көліктерден алынатын "экологиялық" салық уақытша, жаңа ереже қабылданғанға дейін енгізілген деп хабарлады Қырғызстан экономика министрлігі.

Министрліктің дерегінше, салықтан түскен қаржы экологияны жақсарту шараларына бөлінеді. Қырғызстан билігі мұндай салық түрі көршілес барлық елде, ішінде Қазақстанда да барын, бірақ ол басқалай аталатынын айтады.

2015 жылы 15 мамырда күшіне енген талап бойынша, барлық шетелдік нөмірдегі көлік иелері Қырғызстанға кірерде экологиялық салық төлеуі тиіс. Салық мотоциклдер үшін 500 сом, жеңіл көліктерге 1000 сом, ал микроавтобустар үшін 2500 сомды құрайды.

Бұған дейін жүргізушілер Балыкчы қаласына кіргенде ғана экологиялық салық төлеген. Қырғызстандықтар үшін бұл салық 50 сом, шетелдіктер үшін 500 сом болған.

XS
SM
MD
LG