Accessibility links

АҚШ елшілігі: Орталық Азияда әскери база салмаймыз


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-тың Орталық Азияда әскери базалар салмақ ойы жоқ деп хабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің пресс-атташесі Дэвид Гэмблге сілтеме жасаған "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

"Біз қосымша базалар салуға мүдделі емеспіз. Бізге Орталық Азияда жаңа базалар ашуға қажеттілік те жоқ" деген Гэмбл бүгін Астанада журналистермен кездесуінде Вашингтонның аймақтағы әскери жоспарларына қатысты сұраққа жауап беріп тұрып.

Дэвид Гэмблдің сөзінше, АҚШ Орталық Азия елдерімен ынтымақтастығын қайта құрып, оны әлдеқайда биік деңгейге жеткізбек. "Біз қаруы бар америкалық әскерилер базасынан гөрі азаматтарды оқытуға көбірек көңіл бөлеміз" деген америкалық дипломат.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің әскери ынтымақтастық кеңсесінің басшысы, подполковник Джастин Колберт де журналистерге Вашингтонның Орталық Азияда әскери база салу жоспары жоғын айтқан.

XS
SM
MD
LG