Accessibility links

Ресей Қырғызстанда гуманитарлық орталық салмақ


Сербиядағы Ресей-Сербия бірлескен гуманитарлық орталығы. (Көрнекі сурет).

Сербиядағы Ресей-Сербия бірлескен гуманитарлық орталығы. (Көрнекі сурет).

Ресей Қырғызстанның Ош облысында халықаралық гуманитарлық орталық салатын болды. Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, бұл жайында премьер-министр Темір Сариев журналистерге Ош облысына барғанында айтқан.

Сариевтің сөзінше, Оштың Жапалақ ауылында салынатын орталық Орталық Азиядағы ең ірі гуманитарлық орталық болмақ. Құрылыс жұмысын атқаруды Ресей мойнына алады. Орталық Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан және Ауғанстанды біріктірмек.

Ресей бұған дейін Армения мен Ауғанстанда осындай гуманитарлық орталықтар салған.

Гуманитарлық орталық салудың негізгі мақсаты - Қырғызстан мен Орталық Азия елдерінде төтенше жағдай бола қалған кезде гуманитарлық акциялар мен шараларды бірлесе атқару.

XS
SM
MD
LG