Accessibility links

Ресей: АҚШ қару-жарақты бақылау келісімін бұзып отыр


АҚШ әскерилері Польша территориясында америкалық "Patriot" зымыраннан қорғаныс кешенін орналастырып жүр. Варшава, мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

АҚШ әскерилері Польша территориясында америкалық "Patriot" зымыраннан қорғаныс кешенін орналастырып жүр. Варшава, мамыр 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Ресей "қалыптан тыс ешқандай әскери әрекет жасап отырған жоғын" айтып, Вашингтонды қырғи-қабақ соғыс кезеңінде жасалған қару-жараққа бақылау жасау келісімін толық орындауға шақырды.

Маусымның 11-інде жасаған мәлімдемесінде Ресей сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Ресеймен шекараға жақын аумақтарға зымыран кешендерін орналастыруын "Орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою" жөніндегі келісімді "өрескел бұзу" деп атады.

Министрлік бұған қоса АҚШ-ты "Киевті Донбасстағы қақтығысты соза түсуге итермелеп отыр" деп те айыптаған.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік департаменті Ресейді "қару-жараққа бақылау жасау келісімін бұзды" деп айыптайтын баяндамасын жариялаған.

Осы айдың басында АҚШ қорғаныс министрлігі өкілдері "Ресейдің орта қашықтыққа ұшатын зымырандарды жою жөніндегі келісімді бұзуына" жауап ретінде Еуропада құрлықтағы зымыран күштерін орналастыру жайын талқылағаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG